Басты бетЖаңалықтарГитлердің "сыңары"...

Гитлердің «сыңары» тұтқындалды

Өзін Гаральд Гитлер деп таныстырып жүрген жас жігіт Гитлердің туған қаласы Браунау-ам-Инндегі үйінің қасында суретке түскен.

Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, ұсталған ер адам таяуда Германиямен шекарадағы қалашыққа көшіп келіпті. Ал бұған дейін оны Вена мен Грац қалаларында көргендер бар.

Полицейдің айтуынша, жас жігіттің бұл әрекеті қалжыңнан тым алыс, әртістік өнер де емес. Ол бұған шындап барып отыр.

Күні кеше австриялық сайттардың бірінде Гитлерден аумайтын, мұрты бар ер адамның суреттері таралды.

Австрияда нацизмді дәріптеу, насихаттау қылмыс саналады.

ДереккөзBaq.kz