24 маусымда сағат 14:30 шамасында қалада нөсер басталды. Жауын жарты сағаттай жауды. Салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті.
Наурызбай ауданында тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласын су басқан.
Кеше төтенше жағдайлар департаменті 24 маусым күні қалада нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейтінін ескерткен болатын.
Маусым айының соңында түнде ауа температурасының ауытқуы күтіледі. Түнде +15, күндіз +38°С дейін. Ал, шілденің бірінші онкүндігінде түнде ауа температурасы көтеріледі. Түнде +11-ден +25°С-қа дейін, күндіз +31-ден +42°С-қа дейін ыстық болады, — деп хабарлады Қазгидрометтен.