Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында нөсер салдарынан өзен тасып, сел жүрді

Жамбыл облысында нөсер салдарынан өзен тасып, сел жүрді

Жамбыл облысында нөсер жауын салдарынан жолдарды су басып, сел жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ТЖД

Ақпаратқа сәйкес, 23 маусым сағат 20:00-де Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр салдарынан Ырғайты өзенінің бойымен сел тасқыны өтті. Салдарынан ауыл жолдарын су басты. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер, 2 техника, жергілікті атқару органдарынан 5 қызметкер және 2 техника барған.

Еске салайық, кеше қатты жауын салдарынан Алматы облысының Кеген ауданындағы Түменбай ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты.

Exit mobile version