Басты бет Жаңалықтар Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті

Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті

Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті. Бұл туралы Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Кеген ауданында республикалық маңызы бар Көкпек — Кеген — Түп — Жалаңаш — Саты — Көлсай көлі жолының 10-11 шақырым аралығындағы жиекті 23 маусым күнгі нөсер жаңбыр шайып кетті,- делінген хабарламада.

Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, ДЭУ-91 мекемесінің өкілдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жумыстары жүргізіліп жатыр,- делінген хабарламада.

Exit mobile version