Қазақстанда қанша мигрант заңды жұмыс істейді?

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 16 424 шетел азаматы еңбек етеді, — делінген ведомство ақпаратында.

Шетел жұмыс күшін тартуға квота келесі санаттарға берілген:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 617 рұқсат (бірінші санат);
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 224 рұқсат (екінші санат).
  • мамандар 8 020 рұқсат;
  • білікті жұмысшылар 926 рұқсат;
  • маусымдық жұмыстарға 1 506 рұқсат;
  • корпоративтік ауыстыру аясында 2 131 рұқсат.

Министрлік мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда еңбек мигранттарының қызметін пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 398 мыңнан астам азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 3 651 адам,
  • Түркия – 1 853 адам,
  • Өзбекстан – 1 605 адам,
  • Үндістан – 1 577 адам,
  • Ұлыбритания – 1 113 адам.