Алматы — Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды

Бұл туралы Бішкек әуежайының ресми сайты хабарлады.

Рейстерді қырғызстандық «Авиа Траффик» тасымалдаушысы орындайды. Осы бағыт бойынша ұшулар күн сайын орындалады деп жоспарланған.

Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан — Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. Рейстерді FlyArystan лоукостері аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындайды.

Қазір Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс қолжетімді. Air Astana әуекомпаниясы Алматы — Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рейс орындайды.