Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде солтүстік циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды ​​облыстарының оңтүстігінде аптап күтіледі — 40 градус. Қызылорданың оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында аптап болады деп болжанған — 45 градус. Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі — 43 градус, — делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұрқасын, жел, бұршақ болуы мүмкін.