Түркияда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Шараға 50-ден аса ұстаз оффлайн түрде қатысса, өңірлерден 100-ден аса ұстаз онлайн қатысты. Зерттеу жұмыстары  арнайы ғылыми жинақтар жарияланатын болады. Бұл шара бауырлас түркі елдері арасында педагог қызметкерлердің кәсіби тәжірибе алмасу бойынша ауқымдық жұмыстың бастамасы болмақ, — деді Inter-Conf Central Asia ұйымының бас маманы Нұрболат Нышанбаев.

Фото: Inter-Conf Central Asia

Түркиядағы қазақтардың ғылым және зерттеу қауымдастығы ұйтқы болған шара кейін Ыстамбұлда жалғасты. Педагогтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жергілікті диаспора өкілдерімен кездесті.

Жобаның Қазақстан бойынша координаторы Шолпан Бегманованың ойынша, қазақстандық ұстаздардың білім беру саласындағы тәжірибесі түркиялық әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, аталмыш конференцияның дәстүрлі түрде өткізіп тұру туралы уағдаласты.

Түркі дүниесінің барлық ынтымақтастығы жоғарғы деңгейде болуға міндетті. Саясаттан- білім беруге дейін, экономикадан басқа да елеулі салаларға дейін. Осы орайда, бүгінгі қос елдің оқыту жүйесінің салыстырмалы түрде өткен жиыны жемісті болды, — деді Жібек жолы халықаралық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Ебубекір Армаған.

Физика пәнінің мұғалімі Оразгүл Мұхамеджанованың айтуынша, педагогтардың білім ұшқырлығын арттыру, ой көкірегін кеңейту, өзара заманауи пікір алмасумен тәжірибені бөлісу мақсатында осы конференция жас буынға білім беру барысындағы ғылыми инновациялық, тәрбиелік өнегелік маңызының зор.

Шара соңында қазақстандық делегаттарға KATEAD ұйымы Валиде Сұлтан яхтасында бұғаз турын ұйымдастырды.

Фото: Inter-Conf Central Asia