Президент Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» атты екінші Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты. 

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған маңызды іс-шара Bloomberg агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің қамқорлығымен өткізіліп отыр.

Форум «Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі» тақырыбына арналған.

Форум жұмысына мемлекет басшысынан бөлек Того президенті Фор Гнассингбе, Намибия президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сонымен қатар Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар министрі мен үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.

Сонымен қатар форум сессияларына Honeywell, Asyad Group, Ислам даму банкі, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Тhyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip com Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да халықаралық жетекші корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды.

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев In Conversation with President Tokayev атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Оны «Bloomberg Television» жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді.

Қатар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз