Нұр-Сұлтанда қарасора өсірген екі ер адам ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, күдіктілер жалға алған үй-жайдың жертөлесінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған қарасораны заңсыз өсірген. Жас жігіттер тіпті, бірінші партиядан түсім жинап үлгерген, оны содан кейін сатпақшы болған.

Тінту барысында қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар алынды: шамдар, желдеткіштер, контейнерлер. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған препараттар мен тыңайтқыштар, буып-түю материалдары, электрон таразылар тәркіленді, — делінген хабарламада.

Күдіктілер арам пиғылын іске асыру үшін жылу режимі мен ылғалдылықты сақтай отырып, желдеткіштер мен шамдарды, тамшылатып суару жүйесін орнату арқылы есірткі өсімдігін өсіруге жағдай жасаған.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заты бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Екі жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік қарыз туралы айтты

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ке төмен деңгейде қалыптасты. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ертең кейбір өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады. 

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 маусымға арналған бағамын белгіледі.