Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс өңірлерде ғана күн ашық.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, батыста, шығыста және Атырау облысының орталығында, солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында жел секундына 15-25 метрге күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде бұршақ жаууы ықтимал, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-батысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-батысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік — батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында-бұршақ, дауыл, түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел секундына 15-23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында секундына 15-23 метрге жел тұрады, күндіз дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Күндіз Атырау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.