Бір аптаға дейін жететін қуат. Huawei жаңа смартфонын таныстырады

Huawei Nova Y70 720 x 1600 пиксел рұқсаты бар 6,75 дюймдік дисплей және 168,3 мм x 77,7 мм x 8,98 мм өлшемімен шығарылады. Салмағы — 199 грамм.

Құрылғы сегіз ядролы процессормен (2×1,8 ГГц Cortex-A75 және 6×1,8 ГГц Cortex-A55) жабдықталады. Жад туралы айтсақ, смартфонның жедел жадысының көлемі — 128 ГБ. Ол сериялардың 170 бөлімін, 13 000 музыкалық файлдарды және 60-тан астам фильмдерді сақтауға мүмкіндік береді.

Huawei Nova Y70 ЖС негізіндегі үштік камерасымен жабдықталған. Оның ішінде 48 МП негізгі камера, топтық және пейзаждық түсірілімдер үшін 120 градустық көру өрісі бар 5 МП ультра кең камера және фотосуреттегі нысанға ерекше аудару үшін артқы фонды бұлдыртатын 2 МП тереңдік камерасы бар. Смартфон сіздің суретке түсу дағдыларыңызды жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Huawei Nova Y70. Фото: Huawei

Сонымен қатар камераның негізгі мүмкіндіктеріне сандық масштабтау, автожарқыл, бет-жүзін анықтау және сенсорлық фокус кіреді. Бұған қоса, пайдаланушылар селфи түсіру және бейне қоңыраулар үшін жоғары сапалы 8 МП алдыңғы камераға ие болады.

6000 мАч батареясы бар бұл телефон бір аптаға дейін қайта қуаттамай жұмыс істей алады. Смартфонның аккумуляторы тек 5% болса, пайдаланушылар өшіру алдында 12 сағатқа дейін күту уақытына мүмкіндік беретін төмен батарея режимін қоса алады. Үлкен сыйымдылығы бар аккумулятор смартфонды ұзақ сағат бойы ойын ойнап, ән тыңдап, фильмдер көріп, батарея қуаты таусылып қалады деп уайымдамай пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге смартфон 22,5 Вт SuperCharge жылдам қуаттау режимін және Huawei Nova Y70 басқа құрылғыларын кабель арқылы қуаттауға мүмкіндік беретін кері қуаттау тәртібін қолдайды.

Жаңа Huawei Nova Y70 Қазақстанда Crystal Blue, Pearl White және Midnight Black үш түсте сатылымға шығады.