Алматы – Анталия бағытындағы екі рейстің кешігу себебі белгілі болды

2022 жылдың 18 маусымында Air Astana әуекомпаниясының Boeing-767  үлгісіндегі әуе кемесінде техникалық ақаулық анықталды. Бұл өз кезегінде осы әуе кемесінде жоспарланған әуе компанияларының рейстерінің уақытылы орындалуына әсер етті. Осыған байланысты, әуекомпания келесі рейстерде әуе кемесін ауыстыруға мәжбүр болды. 18-19 маусымында Алматы – Анталия бағыты бойынша 2 рейс 24 сағат 56 минутқа және 3 сағат 23 минутқа кешіктірілді,- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Air Astana әуекомпаниясының 18 маусымдағы Алматы – Анталия бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуға жоспарланған болатын. Алайда рейс техникалық себеппен кешіктірілді.

Рейс Анталияға 19 маусымда сағат 10:36-да ұшты. Сонымен қатар 19 маусымдағы Алматы-Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та жоспарланған. Алайда техникалық себеп бойынша сыйымдылығы аз әуе кемесі Boeing-767-ден Airbus-321-ге ауыстырылды. Борт жергілікті уақыт бойынша сағат 13:03-те жолға шықты. Осы рейстен жолаушылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан арқылы Анталияға жөнелтілді, ал бір бөлігін ағымдағы жылғы 20 маусымдағы Алматы-Анталия КС 915 рейсімен жөнелту жоспарланып отыр, — делінген комитет хабарламасында.

Бұдан басқа, Air Astana әуекомпаниясының Алматы – Анталия бағыты бойынша КС 915 рейсі ағымдағы жылғы 20 маусымдағы әуе кемесінің Сеул – Алматы рейсінен күту себебінен сағат 15:40-қа дейін кешіктіріледі. Кешіктіру 6 сағатты құрайды.

Кешіктірілген рейстердің барлық жолаушыларына ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабында көзделген қызметтер көрсетілді.