Қазақстан Иран азаматтарының елде екі апта визасыз жүріп-тұруына рұқсат берді

Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сонымен бірге іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді, – деді Қазақстан президенті.

Тоқаев осы жеңілдікті Иран кәсіпкерлері кеңінен қолданатынына сенімді.