Тоқаев мемлекеттік сапармен Иранға барды

Мұны президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Тегеранда жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланған. Сонымен қатар Қазақстан президенті Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен және басқа да ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді, — делінген хабарламада.