«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!
Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.
Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жас осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.
Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — делінген құттықтауда.