Басты бет Жаңалықтар Енді көз қарашығын да ауыстыруға болады

Енді көз қарашығын да ауыстыруға болады

RIKEN институты мен Коба қаласындағы медицина орталығы адам көзінің қарашығын алмастыру үшін тәжірибе жасап көрмек. Трансплантация жасанды көпфункционалды iPS-жасушаларды көзге орналастыру арқылы жүзеге аспақ деп хабарлайды Qazaqtimes.kz

Трансплантация Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен жасалынады. Алғашқы тәжірибеден өтуге бес пациент іріктеліп алынған. Бастама жетекшісі Макае Такахасидің айтуынша, алғашқы трансплантация сәтті аяқталса, 11 айда жүзеге асатын әр адамның көз қарашығындағы жасушалардың өсімі 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік туады және құнын бірнеше есеге арзандатуға болады екен.

Зерттеушілердің айтуынша, көзге арналған iPS-жасушаларды басқа адамның көзінен ғана емес, пациенттің өз денесінен де алуға болады. Бұл жасушалар он жылдан бері өндіріліп келеді. Оның басты кемшілігі — қатерлі ісікке жол ашатындығы.

Айта кетейік, 2014 жылы ең алғаш рет 70 жастағы пациентке iPS-жасушаларды қолданып ота жасалған. Нәтижесі жақсы болғандықтан, енді осы жасушаларды пайдалана отырып көздің қарашығына ота жасауды көздеп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version