Назарбаев атом энергиясын пайдалану туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздіктің қағидаттары мен негізгі талаптарын белгілеуге бағытталған.

Құжаттың мақсаты халық қауіпсіздігінің және халық денсаулығын тиімді қорғаудың тиісті деңгейін, атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу болып табылады.

Бұл ретте, құжат атом энергиясы саласын реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деңгейінің талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөзnewskaz.kz