Тоқаев «Александр Невский» орденінен бас тартты

Мұны ҚазТАГ редакциясына президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтқан.

Мұның алдында саясаттанушы Ербол Еділов дереккөздерге сілтеме жасап, Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресей тарапы Тоқаевты «Александр Невский» орденімен марапаттауды ұсынғанын, алайда Қазақстан президенті бұл марапаттан бас тартқанын жазды.

Саясаттанушы сонымен бірге президент таяудағы Бішкекке сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі «Манас» жоғары орденінен де алмағанын жазды.