Алматыда тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады

Қала тұрғындарының пікірінше, мұның арты табиғи апатқа әкелуі мүмкін.

Тау баурайындағы құрылыс мәселелері бойынша біз дүйсенбі күні мәслихаттың сессиясын өткіземіз. Сол кезде құрылыс ережелері туралы шешім қабылданады. Ең бастысы, тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады, — деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

«Каменская плата» ықшамауданының тұрғындары бау-бақша егу аумағын қайтаруды, сонымен қатар заңсыз берілген жер телімдерін қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Бұл мәселе өте күрделі және оны шешу мүмкін емес. Жерге меншік құқығы туралы актілердің барлығы бізге аумақты қосып алған кезде негізінен Талғар ауданынан берілді. Олардың тиісті заңды күші бар. Бұл мәселені толығымен шеше алмаймыз. Бұл Талғар ауданына ғана қатысты емес, Наурызбай мен Алатауға қосылған жаңа аймақтар бар. Әркімнің ісі бар. Олар қаланың бір бөлігіне айналды. Келеңсіз жағдай болмас үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, — деді Алматы әкімі.