Қазақстанда сайлау және саяси партиялар туралы заң өзгереді

Конституциялық өзгерістер кезең-кезеңімен қолданыла береді. Жаңарған Конституция толыққанды қолданысқа енуі үшін әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Сайлау туралы, саяси партиялар туралы және басқа да бірқатар заңдарды өзгертеміз. Бұл елді табысты жаңғырту тұрғысынан өте маңызды. Заңдарды қабылдау үшін бірнеше ай, тіпті, жарты жыл уақыт қажет болуы мүмкін. Бірақ, реформаны созып, арқаны кеңге салуға болмайды. Жұрт нақты өзгерістердің қазір болғанын қалайды, — деді мемлекет басшысы Ұлытаудағы ұлттық құрылтай отырысында.

Тоқаев сондықтан депутаттар негізгі заң жобаларын осы кезден жинақтай беруі керек және күзгі сессия басталғанда бірден іске кіріскен жөн деді.

Басты заңдар жыл соңына дейін қабылдануға тиіс. Сонда ғана жан-жақты жаңғыруды жоғары қарқынмен жалғастыра аламыз, — деді президент.