Президент Республика күнін қайтаруды ұсынды

Тоқаев ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында 25 қазан — Егемендік күнін жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту туралы бастама көтерді.

Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын.   1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші роль атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек, — деді президент.