inDriver қазақша сөйледі

inDriver Қазақстан нарығында 2014 жылдан бері бар. Cегіз жыл ішінде қолданба айтарлықтай өзгерді: қауіпсіздік бойынша қосымша функцияларын енгізді, жаңа қызметтерді іске қосты. Платформа арқылы жөндеу қызметін, курьерді, жүк тиеушілерді, «Сұлулық» категориясы бойынша мамандарды шақыруға болады.

Алайда осы күнге дейін қызмет тек орыс тілінде жұмыс істеп келді. Қазақша нұсқаның пайда болуы осы тілде сөйлесуді, қызмет алуды жөн көретін қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін әдейі жасалған.

Біз Қазақстанда табысты жұмыс істеп келеміз. Бұл — inDriver үшін ТМД-дағы және дүниежүзіндегі ең үлкен нарық. Қолдау қызметіміз әуеліден қазақша сөйледі. Ал платформаны қазақша аудару тек уақыт еншісіндегі мәселе болып келді, — дейді Қазақстандағы inDriver бизнесін дамыту бойынша менеджер.