Басты бет Жаңалықтар Жасырын цехта алкоголь өндіріп келген Петропавл тұрғыны ұсталды

Жасырын цехта алкоголь өндіріп келген Петропавл тұрғыны ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің СҚО бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті.

Фото: Іnformburo.kz

Ведомствоның мәліметінше, Петропавл тұрғыны қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін жасап, халыққа өткізген.

Тінту кезінде жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сонымен қатар бос ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат пен суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Exit mobile version