Талғар ауданында іскер әйелдер көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетті

«Атамекеннің» аудандық филиалының директоры Бағдат Әзімбаев, қауымдастық мүшлері және іскер әйелдермен бірлесе Жаңалық пен Нұра ауылдарында қайырымдылық шаралары өтті.

Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері, киім-кешек, қоларба мен велосипед сыйланды.

Қайырымдылық шарасымен бірге, Күләнда Уәлиханқызы ауыл тұрғындарын кәсіп ашуға, еңбектенуге шақырып, адал іспен айналысу қажеттілігін айтты. Керек болса «Атамекен» мен қауымдастық тарапы ауыл азаматтарына арнайы семинар-жиындар ұйымдастыруға дайын. Еңбекпен ел көгерер!