Қаратал ауданында іскер әйелдер кеңесі бас қосты

Бүгін Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалында іскер әйелдер кеңесінің кездесуі өтті.

Жиынға аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Фархат Құсайынов, облыстық іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Светлана Буханова, Көксу аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Утешбаева, Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Мадина Байборинова, кәсіпкер Қымбат Қасейін, аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесуді Қаратал аудандық филиалының директоры Фархат Құсайынов ашып, қатысушыларға ауданымызда мемлекеттік бағдарлама аясында «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымы арқылы шағын несиелендірілген жобалардың басым бөлігі нәзік жандылардың үлесінде екенін атап өтіп өтті. Сонымен қатар әрбір жоба палата сүйемелдеуінде, құжаттарды жинауды бастағаннан бастап жоба бойынша қаражат алғанға дейін жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Светлана Буханова қыз–келіншектерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде нәзік жандылардың белсенділігін артырып, мемлекет тарапынан әйелдер кәсіпкерлігіне көрсетілетін қолдау шараларымен қатар отбасылық және рухани-адами құндылықтарды нығайту мәселелері жайында айтып өтсе, Салтанат Утешбаева сөз кезегінде Көксу ауданда іскер әйелдер кеңесінің қодауымен іске асырылып жатқан табысты жобаларымен таныстырды.

Мадина Байборинова қатысушыларға Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының атқаратын қызметі, мемлекет тарапынан бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін гранттар мен талаптары туралы айтып өтті. Қымбат Қасейін Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы арқылы қандай қолдау алғанын, енді өз бизнесінің керегесін кеңейтіп аудандарда тігін цехтарын ашқалы жатқандығымен бөлісті. Аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Балнұр Нұрахметова ауданымызда әйелдер қауымы мемлекеттік бағдарламаларды белсенді түрде қолға алып, қатарларының күнен–күнге артып келе жатқандығы жайлы қуанышымен бөлісіп және кәсіпті жүргізу кезіндегі әйелдер кездесетін мәселелерді айтып ортаға салды.

Бүгінгі отырыс аудандық іскер әйелдер кеңесіне жаңа төрайымы ретінде Балнұрды Нұрахметова сайлап, енді тұрақты түрде ханымдар өз білімдерімен тәжірибелерін кәсібін жаңа бастаған қыз — келіншектермен бөлісіп тұралық деп келісуімен қортындыланды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз