Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеті тоқтады

ҚР президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы жарлығымен парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.