Саясат Нұрбектің депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбектің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы жарлығымен парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, мәжіліс депутаты С.Нұрбектің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз