Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығысқа акыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі, ал күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертен және күндіз 15 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 25 метр.

Шығыс Қазақстан облысында орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде күші секундына 15-20 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23 метр.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.