Басты бет Жаңалықтар Қыркүйектен бастап шет тілін үйренудің қажеті болмайды

Қыркүйектен бастап шет тілін үйренудің қажеті болмайды

2017 жылдың қыркүйегінен бастап шетел азаматтарының сөзін әп-сәтте аударатын құлаққап сатылымға шықпақ, деп хабарлайды Вaq.kz.

Waverly Labs компаниясы The Pilot деп аталатын жаңа құрылғы жасап шығарды. Құлаққап әңгімелесуші адамды тыңдап, аударып, сізге айтып отырады. Кез келген уақытта тілді ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылғы функцясында ағылшын, француз, испан және италян тілдерін аудару қызметі бар. The Pilot авторының айтуынша, бұл ой оған француз қызбен кездескеннен кейін туындаған екен.

Құрылғы қыркүйектен бастап сатылымға шығарылады. Гаджет құлаққа кигізуге ыңғайланып жасалған екі құлаққаптан тұрады. Тілдерді ауыстыру үшін смартфондарда арнайы қосымша іске қосылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version