Нұр-Сұлтанда қатты желден мұнара краны құлады

2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан «Sen» тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны «НЕОТЕХ» ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын, — делінген хабарламада.

Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.