Қазақстанның Германия мен Ливандағы елшілері тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстанның Германия федеративтік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, — делінген жарлықта.

Бұған дейін бұл қызметті Дәурен Кәріпов атқарған болатын. Ал Нұрлан Онжанов бұл қызметке дейін президент кеңсесін басқарған.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның Ливандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін Расул Жұмалы атқарады.