Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Руслан Кенесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды,- делінген хабарламада.

Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

Еңбек жолын қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған.

2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің әкім орынбасары;

2019-2021 жылдары — «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары;

2020-2021 жылдары — «BIRGEMIZ» ҚҚ басқарма төрағасы;

2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.