Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күні болады.

Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені – Астана күні және Құрбан айт атап өтеді. Биыл Астана күні — 6 шілде, яғни сәрсенбіге келеді. Бұл ретте демалыс күндер басқа күнге ауыстырылмайды.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн, яғни 6 шілдеде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге келеді. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.

Айта кетері, биыл жалпы 245 жұмыс күні, 106 демалыс және 14 мереке күні бар.