Алматыда екі автобустың бағыты ұзарды

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімімен есептік кездесуде тұрғындар «Алма сити-5» ЖК көлік қызметін көрсетуді күшейтуді сұрады. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Барлық» базарынан Карьерная көшесі бойымен оңтүстік бағытта №31 және №67 бағыттарын ұзарту туралы шешім қабылданды,- делінген хабарламада.

Енді «Алма сити-5» тұрғындары қаланың орталық көшелеріне және жақында іске қосылған «Момышұлы» метро станциясына бір автобуспен жете алады.

Ауданда барлығы 3 жаңа бағытты іске қосу және қолданыстағы бағыттарды күшейту жоспарланған,- делінген хабарламада.