Басты бетЖаңалықтарЕлде тұтынылатын...

Елде тұтынылатын энергияның үштен бірі 928 ірі кәсіпорынға тиесілі

Энергия тұтыну көрсеткіштерін экономиканың секторларына жіктесек, бүкіл көрсеткіштің 47%-і өнеркәсіп саласына келеді. Ал 43%-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі екенін мойындауымыз керек. Бұл өзі жаңа бағыт, біз үшін жаңа сын-қатер деуге болады. Сондықтан қазір тығыз айналысып жатырмыз, — деді вице-министр «Қазақстанда энергия тиімділікті арттыру» жобасы қорытындылаған салтанатты шарада.

Сонымен қатар ол елдің жалпы ішкі өніміндегі энергия шығынының үлесін азайтуға бағытталған заң жобасы парламент мәжілісінен өтіп, сенатқа жолданғанын еске салды.

Бұл заң жобасы түбегейлі жаңа шаралар мен ұғымдарды қамтиды. Мысалы, елде тұтынылатын энергияның үштен бірі 928 ірі кәсіпорынға тиесілі. Оның көбі – өнеркәсіп кәсіпорындары. Заң жобасы н да жеке сектордағы нысандардың бәрінде энергия тиімділікке жауапты маманның штатын бөлу көзделген.

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жеке құзіреті болады. Сол құзырет аясында энергияны ең көп тұтынатын 100 кәсіпорынды анықтап, тиімділікті арттыру бойынша міндеттер қоятын боламыз, — деді Марат Қарабаев.