11-13 маусым күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Өңірлер бойынша орташа температура: Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30 — дан 17-26-ға дейін төмендейді, солтүстікте — 20-28-ден 25-30 градусқа дейін, шығыста — 28-37-ден 24-33-ке дейін жылу төмендейді, орталықта — 22-30-дан 27-32-ге дейін, еліміздің оңтүстік өңірлерінде — 25-35-тен 20-30-ға дейін жылы, оңтүстік-батыста ауа 25-35-ке дейін ыстық,- делінген хабарламада.