Дэвид Боуидың соңғы «Blackstar» пластинкасы «Үздік альтернативті альбом» және «Классикалық емес альбомның үздік инжинирингі» номинациялары бойынша үздік деп танылды. Сонымен бірге, Боуи «Үздік рок орындаушы» және «Үздік рок-композиция» санаттарында да топ жарды. «Альбомды үздік безендіру» мүсіншесі де «Blackstar» мұқабасын әзірлеген дизайнер Джонатан Барнбрукке берілді.
«Грэммидің» тағы бір жүлдегері — британдық әнші Адель. Ол «Үздік вокалдық поп-альбом» («25») және «Үздік жеке поп-орындау» («Hello» әні үшін) номинацияларында жеңімпаз деп танылды.
Сондай-ақ, «Жыл әні» номинациясы бойынша «Formation» (Бейонсе), «Love Yourself» (Джастин Бибер), «7 Years» (Lukas Graham) және Майк Познердің «I Took a A Pill in Ibiza» әндері ұсынылды.