Ақылды маскілер

Адамдардың коронавирусқа қатысты қорқынышын сейілту мақсатында компаниялар түрлі өнім ойлап тапты. Соның бірі — «ақылды маска». Мұндай маскілер оттегімен қанықтыру, қан қысымы, жүрек және тыныс алу жиілігі және дене температурасын нақты уақытта бақылай алады. Басқа смарт құрылғылар сияқты мұнда да деректер сенсорлардан құрылғыға Bluetooth арқылы тасымалданады. Сонымен бірге ақылды маскі функционал және біз үшін жаңа өмірге бейімделуге көмектеседі. Адамдар бір-бірінің эмоцияларын аңғара алуы үшін бұл маскілер түссіз жасалған, қараңғыда қосымша жарық қосылады, сонымен бірге құлаққап жалғау мүмкіндігі, дем алғанда және дем шығарғанда ауаны сүзуге арналған желдеткіштер де қарастырылған.

Фото ашық дереккөзден

Биобаспа

Биобаспа — бұл 3D басып шығарудың қарқынды дамуы кезінде қалыптасқан медицинаның жаңа саласы. Бұл машиналар біз ойлағандай емес, яғни расымен де тірі адам тінін қалпына келтіруге, өмірлік маңызды дене мүшелерін алмастыруға және ашық жараларды тез емдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3D басып шығарылған сүйек имплантаттары сәтті трансплантацияланды. Келесі кезекте адам терісі. Биобаспада қабаттар бірінің үстіне бірі орналасқан (яғни 3D басып шығарғандай), бірақ пластиктің немесе басқа бейорганикалық заттардың орнына суспензияланған тірі жасушалар қолданылады. Содан кейін жасушалар өсіп, теріге, буындарға, тіпті толық мүшеге айналады.

Фото ашық дереккөзден

«Жасыл» сутегі

Бүгінде «жасыл» сутегіні электролиз арқылы, яғни суға электр тогын өткізу арқылы алады. Бұл — көмірқышқыл газының бөлінуін азайтуға мүмкіндік беретін экологиялық таза тәсіл.

Бізді алда тағы не күтіп тұр? Халықаралық энергетика агенттігі (IEA) 2030 жылға қарай сутегі отыны жоқ дегенде 30% төмендейді деп болжам жасады. Басқа отын түрлері сияқты сутегі отыны да қолжетімді болады. Қазірдің өзінде еуропалық, жапониялық, корейлік және америкалық автоөндірушілер сутегімен жүретін көліктер шығарып жатыр. Кейбір әуе компаниялары реактив тікұшақтардағы гибридті қозғалтқыштардан бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз — болашақта ауаға шығарынды мүлде бөлмейтін тікұшақтар пайда болуы мүмкін.

Фото ашық дереккөзден

Темекіні қыздыру жүйелері (V2)

2021 жылғы 17 тамызда темекіні қыздыру технологиясын жасауда қарқынды алға жылжу байқалды. Жапонияда жаңа – IQOS ILUMA өнімінің таныстырылымы өтті. IQOS ILUMA темекіні қыздырудың жаңа технологияларының — SMARTCORE Induction System™️ негізінде жұмыс істейді. Технология IQOS ILUMA қолданушыларында темекі шегу қауіпін азайтады. Жаңа принцип бойынша қыздырғыш енді арнайы Heets TEREA таяқшаларының сыртында емес, ішінде орналасқан. Тот баспайтын болатпен қапталған таяқшаларды құрылғыға қондырғанда қолданушы қыздыру процесін іске қосады: стик ішіндегі лезвиені қыздыратын электромагниттік өріс ұстама арқылы жасалады. Бұл индукциялық қыздыру процесі ғылымда «болашақ технологиясы» деп аталады. Индукциялық асүй пештері, плиталар және индукциялық электрошәйнектер де осыған ұқсас тәсілмен жұмыс істейді. Жаңа технология алдыңғы үлгідегі лезвиенің сынуы мен ластануы мәселесін біржола шешіп, аэрозоль дәмін күштірек етті. Бұл факті 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы наурызға дейін Италия мен Жапонияда 714 қолданушының арасында жүргізілген зерттеулер кезінде дәлелденді.

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

NFT

NFT бойынша дүрбелең жыл сайын ұлғайып жатыр. NFT немесе алмастырылмайтын токендер — бұл сіздің цифрлық кеңістіктегі бірегей нысанның иесі екеніңізді дәлелдейтін сертификат. Алайда бұл сертификат қағаздан жасалмаған, криптографиялық болып есептеледі. Блокчейн арқылы қолданушылар белгілі бір активтер сатып ала алады. Бұл жердегі актив дегеніміз цифрлық әлемде дара болып есептелетін сурет, гиф, анимация, ән, фильм, твит, пост, ойын кейіпкері немесе ойындағы қару-жарақ тағы басқа болуы мүмкін. DappRadar зерттеушілерінің тұжырымы бойынша NFT нарығы 2020 жылы 100 миллион доллар болса, 2021 жылы 22 миллиард долларға жетті. Болашақта NFT контент саудасымен қоса, блокчейнде бірегей құжаттарды жазуда да қолданылады. Блокчейннің сенімді құрал екені соншалықты құжаттардың заңсыз көшірмесін болдырмау мақсатында дипломдар, сертификаттар және басқа да түрлі құжатты NFT форматында шығаруға болады.

Фото ашық дереккөзден