Сіздерді кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырғым келеді. Олар Бела Ференци, Гэри Нейгл, Уве Кнотцер, Николя Террас, Кирсти Хелен Уилсон, Вадим Воробьев, Тицуя Шинохара, — деді Қазақстан президенті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы шетел инвесторлары кеңесінің байқаушыларын да таныстырып өтті.
Кеңестің бақылаушылары ретінде Франсуа Жаков, Мишель Симонс және Лоренцо Симонеллиді де атап өткім келеді,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетерлігі, ҚР президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысының тақырыбы экономиканы көміртексіздендіруге және төменкөміртекті технологияларды енгізуге арналған.