Әшімбаев жаңа үш облыстан депутат сайланатынын айтты

Әрине, жаңа облыс құрылғаннан кейін ол жерден депутаттар сайланады. Сендерден депутат сайланбасын деп отыра алмаймыз ғой. Әділетті болмайды, сосын заңға қайшы. Сондықтан ол облыстардан да сенаторлар келеді. Бірақ сенаткеңейеді деп қабылдамаңыздар. Өйткені президенттің квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр, — деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.

Сенат төрағасы мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы да қысқартылатынын еске салды.

Ең басты мәселе сенат пен мәжіліс өзінің функцияларын жүзеге асыруы керек. Халық сенуі керек. Иә, біздің жұмысымыздың жетілдіретін тұстары бар. Оны білеміз, осы бағытта жұмыс істейміз, — деді Мәулен Әшімбаев.