Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Маймыл шешегі әлемнің 27 мемлекетінен анықталды

Фото: Jetisy Media

Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан.

Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет вирусты қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды, — деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын мәлімдеді. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ.

Exit mobile version