Бұл консультативтік-кеңесші органның құрамында парламент депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен белгілі сарапшылар, сонымен қатар өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері болады. Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу, — деп жазды Ерлан Қарин.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан кейінгі үндеуінде ұлттық құрылтай құруды ұсынды.
Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі, — деді ол 6 маусымдағы үндеуінде.