Қалада көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия жұмысын аяқтады.
Өкінішке қарай, 22 үйдің құқық белгілейтін құжаттары жоқ, сәйкесінше бюджеттен төлемдер жүргізілмейді. Біз оларға үйге қатысты құжаттаманы тез жасауға кеңес бердік. Құжаттарды тапсырғаннан кейін бағалаушы компаниялар техникалық төлқұжат пен ақаулы акт бойынша нақты соманы анықтай алады. Сонда әкімдік бюджеттен тыс қаражаттан көмек бөле алады, – деді Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров.
Әкімнің айтуынша, зардап шеккендерге өтемақы келесі аптадан бастап төлене бастайды, бұл мақсатқа қала бюджетінен ақша бөлінеді.
Су басқан үйлердің иелеріне 100 мың теңгеден 4 миллионға дейін тұрғын үйді жөндеуге кеткен шығын өтеледі. Зақымдалған жабдықтар мен жиһаздарға өтемақы төленбейді,- деді қала әкімі.
Еске салайық, қала маңындағы елді мекендерде барлығы 142 үйді су басып, оның біреуі толығымен қираған. Тұрғындар уақытша эвакуациялау орталықтарына, одан кейін колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылды. Қазір онда алты отбасы бар.