Головкин мен Сондерс Қазақстанда кездеседі

Барбоза өзінің твиттердегі парақшасында: «GGG — Сондерс жекпе-жегі 10-ші маусым күні Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда. GGG 18-ші наурыз күні Джейкобске қарсы кездесу өткізетініне байланысты, әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ», — деп жазыпты.

Айта кетейік, Қаңтар айының басында америкалық БАҚ Головкин мен Сондерс өзара жекпе-жек өткізуге келіскені жөнінде жарыса жазған болатын. Артынша Астанада өтетін EXPO-2017 әлемдік көрмесінің баспасөз қызметі келіссөздердің расында жүргізіліп жатқанын растады.

27-жастағы Сондерс кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастаған. 27 кездесудің 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған және әлі күнге дейін бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген. Баритандық былғары қолғап шебері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. GGG онымен WBO белбеуін тартып алу үшін кездескісі келеді. Тартып алған жағдайда орта салмақтағы барлық белбеудің басын біріктіреді.

ДереккөзVesti.kz