Нұр-Сұлтанда ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырмай, жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз сыйақы алу, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою дерегі бойынша автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеуді бастады, — делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР қылмыстық-процестік кодексi 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.