Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлімдеді.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11-класс оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, — деді Мәдина Тыныбаева білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.
Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізіледі.