Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингіде мәлімдеді.

Қытай мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қытай сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға келді.

Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Коронавирус пандемиясы әлемдік аренаға кері әсерін тигізді. Қазір біз бұл пандемияны өзара ынтымақтастық пен қолдау арқылы еңсеріп жатырмыз. Осы жұмыстың дәлелі ретінде биыл бірінші маусымынан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілгенін атап өткім келеді, — деді Мұхтар Тілеуберді.