Парламент темекі өнімдеріне акциздерді не үшін теңестіргісі келеді?

Сонымен бірге депутаттар тарифтер темекіге де, қыздырылатын темекіден жасалған өнімдерге де бірдей болуы керек екенін айтып отыр.

Темекіге және қыздырылатын темекіден жасалған бұйымдарға акциздер әртүрлі есептеледі: темекіге акциз 1 мың данаға есептеледі, ал қыздырылатын темекіге акциз темекінің келісіне санағанда есептеледі. Бұл әлемдік тәжірибе, стиктердің құрамында  темекі шылымдарға қарағанда азырақ, сондықтан оларды даналап салыстыру дұрыс емес.

Дәстүрлі шылымдарға акциздік мөлшерлемелерді темекі қыздыру бұйымдарымен теңестіру кезінде шылымдағы бір грамм темекінің орташа құны шамамен 14 теңгеге тең болады, ал ТҚБ-ға ұқсас көрсеткіш — 53 теңге. Құн қанша есе өсетінін бастапқы мектеп білімі бар адам үшін де есептеу қиын болмайды. Сонда бұл жерде қисынды сұрақ туындайды – салық мөлшерлемелерін теңестіру дәстүрлі темекі өнімдерінің, яғни шылымдардың мүдделерін алға жылжыту емес пе?

Ұқсас сұрақ, мысалы, Латвияда қойылды. Онда осындай жағдайда темекі қыздыру бұйымдарына акциздік мөлшерлемелерді арттыру мәселесі сөз болды. Нәтижесінде – алдағы үш жылда стик бағасының күрт өсуі, сонымен бірге темекі шегушілерге зияны аз, түтінсіз балама ұсынбаған жалғыз ірі шылым өндірушісінің айқын артықшылығы.

Неліктен Қазақстан әлемнің басқа елдері емес, Латвияның ерекше жолымен жүргісі келеді? Темекі өнімдеріне салық салудағы халықаралық тәжірибені қарастырайық. Әдетте, дүниежүзіндегі темекі қыздыру жүйелеріне акциздер темекіге қарағанда төмен. Еуропалық одақта – 72%, ЕАЭО-да – 70%, ал ТМД-да — орта есеппен 62%.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы өзінің кейінгі есептемесінің бірінде «Темекіні қыздыру жүйесі темекіні күйдірмей, қыздыратындықтан, темекі түтінімен салыстырғанда зиянды және ықтимал зиянды химиялық заттардың өндірісі айтарлықтай төмендейді» деді.

Егер темекі нарығының нақты ойыншыларының мүдделерін қолдау туралы айтсақ, бюджетті ТҚБ есебінен толтыру мәселесі ешқандай сынға төтеп бермейтіні таңқаларлық емес. Темекі қоспасының келісінен жеке акциздерге ауысқан жағдайда 2023 жылы бюджет шығыны шамамен 5 миллиард теңге болады.

Парламенттегілердің тағы бір дәлелі – балаларға қамқорлық жасау. Мысалы, ҚР парламенті мәжілісі депутаттарының бірі дәл осы акциздер балалардың вейптер мен стиктерді сатып алуының себебі деп пікір айтты. Бұл ретте сауда нүктелерін, сонымен бірге кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сататын тұлғалардың жауапкершілігін бақылау мәселесі шетте қалып отыр.