Мәжілістегі үкімет сағатында депутаттар баллонмен сатылатын газ мәселесіне тоқталды.
Министрдің айтуынша, бүгінде ондай газдың бағасы литріне 116 теңгеден басталады. Ал жанар-жағармай құю станцияларында дәл сондай газ екі есе арзан тұрады.
Екі газдың ешбір айырмашылығы жоқ. Жанар-жағармай станциясы болсын, газ баллонын толтыратын орындар болсын, бәрінде сұйылтылған газ сатылады. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Баға реттелетін болса, бірдей болады. Тұрмыстық мақсатта қолданылатын газдың бағасы жанар-жағармай станцияларымен бірдей, 50-70 теңгенің маңайында болады, — деді Болат Ақшолақов.